Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа сәлем жолдады. Нью-Йорктегі US Open теннис турниріне аттанып бара жатқан АҚШ Президенті арнамыздың тілшісі Ердана Ержанұлының сұрағына жауап қатты.
Ақ үй басшысы сапар алдында БАҚ өкілдерімен кездесіп, Чикагодағы қауіпсіздік секілді ішкі жағдайлар және Украина, Венесуела, Ресейге қатысты сыртқы саясат мәселелері бойынша сұрақтарға жауап берді. Сол арада Қазақстанға қатысты пікір білдіріп, елімізге келуі әбден мүмкін екенін айтты.