17 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы US Open турнирінің ширек финалына жолдама алды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық спортшы турнирдің үшінші кезеңінде ITF Juniors рейтингінің әлемдік тізімінде 8-орында тұрған финляндиялық Оскари Палданиусты жеңді. Финляндия теннисшісі ATP рейтингінде 991-орында тұр.
Заңғар алғашқы сетте 3:6 есебімен есе жіберді. Алайда екінші кезеңде 6:1 есебімен басым түсіп, шешуші үшінші сетті де 6:2 есебімен жарысты өз пайдасына аяқтады.
Ширек финалда қазақстандық теннисші ресейлік Тимофей Дерепаскомен кездеседі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!