Финалистердің жобалары медицина мен агрономиядан бастап білім беру мен роботехникаға дейінгі әралуан салаларды қамтыды.
>20 тамызда Bibigul Tulegenova Creative School қабырғасында жыл сайынғы республикалық Samsung Solve For Tomorrow 2025 стартаптар конкурсының финалы өтті. Іс-шара барысында Қазақстанның түкпір-түкпірінен талантты және өршіл оқушылардан құралған 10 команда маңызды әлеуметтік мәселелерді шешетін өздерінің инновациялық жобаларын таныстырды. Бастаманың серіктесі "Аяла" жеке қайырымдылық қоры болып табылады.