Ресей мен Украина арасында бейбіт келісімге қол жеткізу мүмкіндігі бар-жоғы екі аптада белгілі болады. АҚШ президенті Дональд Трамп телеарналардың біріне телефон арқылы берген сұхбатында осылай деп мәлімдеген. «Бұлай болмаса, басқа тәсілді қарастыруға тура келуі ықтимал», — деді Ақ үй басшысы. Бұған қоса Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында экс-президент Джо Байденді айыптап, сол кезде өзі президент болғанда бұл соғыс мүлдем басталмас еді деп жазған. Бұған қоса, басып алушы елге шабуыл жасамай, жеңіске жету өте қиын деген.

Арай Төлегенқызы