Танымал әнші Айдана Меденова қызына не себепті хиджаб кигізгенін айтып, елдің ашуына тиді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Көптеген адамдар пікірлерде шектен шығып, біз Әминаны хиджаб киюге мәжбүрлейді екенбіз деп жазады. Естеріңізге сала кеткім келеді: ол әлі бала. Оның жасында хижаб кию міндет емес. Қазір шешіп тастаймын десе де, онда тұрған ештеңе жоқ.

Мен үшін мүлде басқа нәрсе маңызды. Мен әрқашан Әминаға бір ғана нәрсені айтамын: сен өзің құндысың. Ешкімге ештеңе дәлелдеудің де, түсіндірудің де қажеті жоқ. Ибалылық пен хижаб – қысым жайлы емес, ол – таңдау мен Аллаға, өз-өзіңе деген сүйіспеншілік жайлы.

Мен осы түсінікке өте ұзақ жолмен келдім, ал ол менен жылдамырақ, өз жолымен жеңіл әрі шынайы қабылдады Әлхамдулиллаһ, Алла оған жеңіл қылсын.

Және мен оның жолы әрдайым жеңіл, саналы әрі нұрға толы болсын деп дұға етемін», — деп жазды ол.

Десе де көпшілік оның бұл мәлімдесінен кейін, оны қатаң сынға алды. Олар:

«Салафизмнің тереңіне батқан», «Тілің орыс, киімің араб, қазақылық қайда сонда?», «Бала ғой әлі, тұмшаламай неге бантик тақпайды» деп жазды олар.