Ресей мен Украина «мыңға мың» форматында тұтқын алмасуды аяқтады. Бүгін екі жақтан 606 адам босатылған. Кеше және арғы күні де 1394 тұтқын жіберілген.
Айта кеткен жөн, Ресей мен Украина делегациялары өткен аптада кейінгі 3 жылда алғаш рет тікелей келіссөздер өткізген еді. Тараптар Ыстанбұлда бас қосқан. Сол кезде екі жақ 2 мың тұтқынды босатуға уағдаласты.