Ирактың шығысындағы Эль-Кут қаласында сауда үйі өртеніп, 60-қа жуық адам қаза тапты. Тағы 11 тұрғын із-түзсіз кеткен.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, жалын түнгі уақытта тұтанып, 5 қабатты ғимаратты лезде шарпып өткен. Бірақ билік апаттың нақты себеп-салдары 48 сағаттың ішінде анықталады дейді. Құрбандар саны әлде де өсуі мүмкін. Өйткені үйінді астында қалған мәйіттерді шығарып, жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.