Жамбыл облысында «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында 3 білім нысаны бой көтеруде .
Солардың екеуі Қордай ауданындағы Қаракемер мен Қарасу ауылында ашылмақ. 300 орындық екі мектептің құрылысы былтыр басталған. Үшінші мектеп облыс орталығы Тараз қаласында салынуда. Білім нысандарындағы құрылыс барысымен Парламент Сенатының депутаттары Бекболат Орынбеков пен Сәкен Арубаев танысты. Ағарту ошақтары биыл күзде ашылуы тиіс. Депутаттар сапа талаптарын сақтап, мердігерлерге мерзімінен кешікпеуді ескертті. Одан соң Қордай ауылындағы аудандық орталық аурухананың материалдық-техникалық базасымен танысты. Сондай-ақ жылу қазандықтарының қыс маусымына дайындығын көрді.