Тарихи жетістік үшін қаржылай сыйақы табысталды. Қазақстан Каратэ федерациясы өз спортшыларына осындай тосынсый жасады, деп хабарлайды 24kz.
Дархан Асаділов жетекшілік ететін қыз-жігіттер дәл қазір елордада жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Оның барысында федерация басшылары салтанатты жиын ұйымдастырып, Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қаржылай сыйақы табыстады. Оның жалпы көлемі 10 миллион теңгені құрады.
Айта кетейік, бірер айбұрын Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында Азия чемпионаты өтіп, қазақ қыз-жігіттері 10 медаль жеңіп алды. Оның төртеуі алтын. Соның арқасында жалпы командалық есепте топ басына шығып, тіпті осы спорттың тарихи Отаны саналатын Жапониядан да асып түскен еді. Атап айтқанда, Дайяна Даренская , Софья Берульцева, Жоламан Биғабыл және Нұрқанат Әжіқанов чемпион атанды. Ал, Мөлдір Жаңбырбай, Әсел Қанай, Данияр Юлдашев және Диас Ұлбек қола жүлдеге қол созды. Командалық сындағы көрсеткішіміз де жақсы. Қазақстанның қыздар құрамасы күміс, ерлер құрамасы қола жеңіп алды.
.