Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде прокуратура органдары ірі инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуде.

Шымкент қаласының прокуратурасы тұрмыстық техника саудасы саласындағы инвестордың құқықтарын қорғады. Оның инвестиция көлемі 7 млрд теңгеден асады және онымен 900 жұмыс орны ашылған.

Мобильді топқа келіп түскен сигналға сәйкес прокурорлар инвестордан өндіріп алынуы ықтимал мүлік сомасынан асып түсетін мөлшерде банктік есеп шотына тыйым салатын тергеуші қаулысын анықтады.

Бұл жағдай инвестор қызметінің толықтай тоқтатылуына алып келген.

Өз кезегінде Қылмыстық-процестік кодекстің талаптарына сәйкес, мүлікке иелік етуге шектеу қою азаматтық талап-арызға немесе жәбірленушінің өзге де мүліктік өндіріп алуларына сай болуы тиіс.

Қадағалау актісі негізінде банктік шоттағы заңсыз тыйымның алынуы және кәсіпкерлік қызметтің қалыпты жұмысы қамтамасыз етілді.

Ірі инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмысы жалғасуда.

Еске саламыз, қандай да бір мәселе туындаған жағдайда кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі Call-орталыққа +77076150010 телефоны арқылы немесе Фронт-офиске (Шымкент қ., Еримбетова көшесі, 304г, «Заңғар» Бизнес орталығы ғимараты) жүгіне алады.