Елімізде қайтарылған активтер есебінен 318 млрд теңгеге 400-ден аса әлеуметтік нысан салынып жатыр , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайтарылатын қаражат Қаржы министрлігінің жанынан құрылған Арнаулы мемлекеттік қорға түседі. 406 жобаның ішінде 9 білім беру нысаны, спорт саласындағы 3 нысан, денсаулық сақтау саласындағы 162 жоба, сумен жабдықтау саласындағы 159 жоба іске асырылып жатыр:
- Астанада ескі стадионның орнына Қ.Мұңайтпасов атындағы жаңа стадион салынып жатыр.
- Алматыда қайтарылған қаражат есебінен сумен жабдықтау жүйесін салу бойынша 9 жоба жүзеге асырылып жатыр.
- Шымкент қаласындағы "Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі" кешенінің тәрбиеленушілері үшін қайтарылған қаражатқа 300 орындық жатақхана салынады.
- Шығыс Қазақстан облысында Гематология орталығының құрылысын аяқтауға қаражат бөлінді.
- Солтүстік Қазақстан облысында өңірді сумен жабдықтауға бағытталған жобалар жүзеге асырылып жатыр.
- Қарағанды облысында 7 ауданда 51 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланып отыр.
- Ақмола облысында денсаулық сақтау, сумен жабдықтау және спорт саласында 38 жоба жүзеге асырылып жатыр.
- Ақтөбе облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа білім беру және денсаулық сақтау нысандары салынады. Өңірде 12 жоба жүзеге асырылып жатыр.
- Қордан Абай облысында 24 әлеуметтік маңызы бар нысанды жүзеге асыруға қаржы бөлінді.
- Атырау облысында денсаулық сақтау, білім беру және сумен жабдықтау салаларында бір нысаннан салынады.
- Жетісу облысында білім беру, денсаулық сақтау және сумен жабдықтау салаларында 22 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
- Алматы облысында жаңа спорт нысандары, сумен жабдықтау желілері мен медициналық мекемелер салынады.
- Жамбыл облысында қайтарылған қаражатқа 19 жоба салынады.
- Батыс Қазақстан облысында жыл соңына дейін 25 жобаны тапсыру жоспарланып отыр.
- Маңғыстау облысында қайтарылған активтерге 1 денсаулық сақтау нысаны салынады.
- Қостанай облысында сумен жабдықтау желілері түбегейлі жаңартылады. Сондай-ақ, өңірде денсаулық сақтау және білім беру нысандарын салу жоспарланып отыр.
- Түркістан облысында қайтарылған активтерге бір білім беру нысанын салу, сондай-ақ, өңір тұрғындарын сумен қамтамасыз ету бойынша 35 жобаны іске асыру жоспарланған.
- Павлодар және Қызылорда облыстарында сумен жабдықтау желілері мен медициналық мекемелердің құрылысы бойынша жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.
- Ұлытау облысында жаңа білім беру, денсаулық сақтау және сумен жабдықтау нысандары салынады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!