Түркістан облысының Ордабасы ауданындағы Төлебай қорымынан Қаңлы дәуіріне тиесілі жәдігерлер табылды. Қазба жұмыстары кезінде 60-қа жуық оба мен сол кездегі билеушінің қолданған заттары шыққан. Археологтар алғаш рет табиғи ландшафты бұзбай, қазба жұмыстарын тар дәліз-дромос арқылы жүргізді. Бұл әдіс жерлеу құрылымдарын мұқият зерттеуге мүмкіндік береді. Қазба жұмыстарының жетекшісі Александр Подушкин Төлебай төбе қорымын ұзақ уақыт зерделеп келеді. Осы уақытқа дейін ол хан әулеті тұтынған құнды жәдігерлерді тапты.
Гүлмира Стамқұлова, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ ғылыми қызметкері:
Бұл жерден жебе ұшы, белдік тоғалары, жүген табылды. Ауыздық бар. Оны жерлеу орнын тазалайды деп есептеген. Жылқының азу тісі табылды. Ол құрбандық асы болып есептеледі. Бұл қорымдар сол заманның өзінде тоналған. Біз қалғандарын ғана зерттейміз.
Айнұр Әбілқасымқызы