Ақтаудың 33-шағынауданында түнгі уақытта жеңіл автокөлік өртеніп, оқиға орнына құтқару қызметі жедел жетті. Зардап шеккендер жоқ, деп жазады Egemen.kz.
28 желтоқсанға қараған түні Ақтаудағы 33-шағынауданда жеңіл автокөлік өртенді. Өрт туралы хабар сағат 22:40-та жеткен. Оқиға «Аққу» тұрғын үй кешенінің аумағында, №7 үйдің маңында болған.
Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт Mercedes-Benz маркалы, газ баллондық жабдықпен жабдықталған автокөлікті шарпыған.
Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрт сағат 22:53-те толық сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінен 11 адамнан құралған жеке құрам және 2 бірлік техника жұмылдырылған.