t.me/aqorda_resmi

Ашхабадтағы халықаралық форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесті. Президент Грузия Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы сенімді серіктесі болып қала беретінін айтты.

Тараптар саяси диалог, экономикалық және гуманитарлық байланыстар дәйекті түрде дамып келе жатқанын растады. Екіжақты ынтымақтың кең көлемді мәселесі қарастырылды. Осы орайда Мемлекет басшысы Грузиямен көлік-логистика, сауда-экономика салаларындағы қарым-қатынасты арттырудың әлеуеті зор екеніне тоқталды.