Қазақстан мен Германия сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға күш салмақ.
Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов пен Германия Бундесратының Президенті Анке Релингермен кездесуінде айтылды. Қос тарап энергетика, металлургия, геологиялық барлау, өнеркәсіп кооперациясы, көлік және логистика, цифрлық технологиялар және басқа да салаларда тығыз әріптестік орнатуға ниетті. Бүгінде еліміздің үлесіне Германияның Орталық Азия өңірімен жалпы саудасының 81%-ы тиесілі. Былтыр өзара тауар айналымы 5,9%-ға өсіп, шамамен 4 млрд долларға жетті. Сондай-ақ кездесуде инвестициялық әріптестікке ерекше көңіл бөлінді. Бүгінде бірлескен инвестициялық портфельде жалпы сомасы 54,4 млрд доллардан асатын 65 жоба бар. Тараптар көлік-логистикалық және қазақстандық мұнайды Германияға жеткізу көлемін арттыру перспективаларын да талқыланды.