Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасы бір қарағанда елеулі серпіліс әкелетіндей. Бірыңғай цифрлық платформабизнесті бюрократиядан арылтып, тіркеуді, сараптаманы, баға белгілеуді және Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгізуді біріктіреді. Дегенмен сарапшылар мен кәсіпкерлер жобаның ойдағыдай іске асатынына күмәнді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарияланған жоспарға сәйкес, жаңа жүйе дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды нарыққа шығару мерзімін 100 жұмыс күніне дейін қысқартады. Бұл тек сараптама үшін заңнамада қарастырылған ағымдағы 210 күнтізбелік күнмен салыстырғанда айтарлықтай ілгерілеу. Бірақ «Атамекен»ұлттық кәсіпкерлер палатасында айтылғандай, мерзімдердің түбегейлі қысқаруы сұрақтар тудырады. Мысалы, кәсіпкерлерге құжаттамадағы қателерді жоюға үш күн ғана уақыт беріледі, бұл тек заңнамалық нормаларға қайшы келіп қоймай, бизнес үшін қосымша тәуекел деәкеледі.

Тағы бір мәселе – пилоттық жобаның мәртебесіне қарамастан, әр кезеңдегі қызметтің ақылы сипаты. «Егер бұл сынақ болса, неге бизнес уақыт пен ақшаға қауіп төндіріп, қатысу үшін ақы төлеуі керек?»,дейдіҚазақстан фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова.

Кәсіпкерлердің жобаны дайындау процесіне де айтар сыны бар. «Атамекен»палатасының басқарушы директоры НазгүлҚабдрахманова бизнес үшжылбойырәсімдердіжеңілдетуүшінөзшешімдерінұсынғанын, бірақДенсаулықсақтауминистрлігіжобаныкәсіпкерлерменкеліспейәзірлегенін айтады. Сондай-ақжобаданақтыанықталғанқатысушылар, негізгітиімділіккөрсеткіштері (KPI) жәнеіскеасырумерзімдеріжоқ. «Композиттікмемлекеттікқызметтіэлектрондыформаттабірөтінішарқылыалумүмкіндігібизнес үшінөтетартымдыжәне оны лайықты жүзегеасыруғаболады. Алайдажобапысықтаудыталапетеді, өйткеніолбизнестіңқажеттілігінкөрсетпейді», дейді ол.

Денсаулық сақтау министрлігі цифрлық платформа әзір жетілдірілу үстінде екендігін алға тартады. Палата да жобаны егжей-тегжейлі талқылау үшін мемлекеттік органдар мен бизнестің қатысуымен қайта кеңес өткізуге ниетті. Кәсіпкерлер ашықтықты, платформаны пысықтауды және олардың ұсыныстарын ескеруді талап етеді. Отандық нарықты жаңғыртуға ұмтылып отырған жағдайда «бірыңғай терезенің» тиімділігі биліктің бизнес-қоғамдастықпен диалог орнатып, іске асыру барысындағыкедергілерді жоюына байланысты. Бастама жаңа дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарға қол жеткізуді жеңілдетеді.Бірақ нақты стратегиясыз, ашық шарттарсыз және бизнес мүдделері нақты есепке алынбай, жоба тағы бір өршіл, әйтсе деіске асуы дүдәмал бастамаға айналуы мүмкін, деп алаңдайды кәсіпкерлер.