Биыл елімізде тұмауға қарсы «Гриппол плюс» вакцинасының 2 миллион дозасы сатып алынды.
Бұл халықтың 11 пайызын қорғауға жеткілікті. Екпе ең алдымен балаларға, қарттарға, жүкті әйелдерге, медицина қызметкерлеріне және әскерилерге салынады. Бүгінгі таңда вакцина республиканың барлық өңіріне жеткізілген. Оны тіркелген мекен-жай бойынша емханалардан алуға болады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қорғаныш препараты ЖРВИ мен тұмаудың эпидемиялық маусымы басталар алдында жоспарлы түрде жүргізілмек. Ол ағзаны қорғап, вирусқа қарсы антиденені қалыптастыруға мүмкіндік береді.
сатып алынған екпе саны — 2,1 млн доза
халықты қамту көрсеткіші — 11%
егілгендер саны — 1,9 млн адам
АЛДЫМЕН ЕКПЕДЕН ӨТЕТІНДЕР:
созылмалы аурулары бар, медицина ұйымдарында диспансерлік есепте тұрған балалар
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
қарттар үйінде тұратын адамдар
мүгедектігі бар азаматтар
медицина қызметкерлері
инфекция жұқтыру қаупі жоғары топтар: жүкті әйелдер, әскерилер, педагогтар, 65 жастан асқандар және басқалар