Қоғамдық орын – әркез адам үзілмейтін әрі қалаға алғаш келген қонақтың көзіне бірден түсетін нүкте. Қала орталығы, көше бойы мен гүлзарлар жыл сайын жаңарып, ал базарлар мен саябақтар заманауи талаптарға сай өзгеріп отыруы тиіс. Сонда ғана ол қаланы көпке үлгі, өзгеге арман шахар деуге келер. Ендеше шырайлы дейтін Шым қаланың теңеуі өзіне қаншалықты жарасымды? Бүгін анықтаймыз.