Ресми статистикаға сүйенсек, 6 айда елдегі қонақүйлер мен хостелдер 61 млрд теңгенің қызметін көрсетіпті.
Көш басында алып шаһар Алматы тұр. Мұнда кәсіпкерлер 21,6 млрд теңгенің қызметін көрсеткен. Үздік үштіктің қатарында Астана қаласы мен Ақмола облыстары да бар.
Көрсетілген туристік қызмет:
Алматы қаласы — 21,6 млрд теңге
Астана қаласы — 13,7 млрд теңге
Ақмола облысы — 5,7 млрд теңге
Алматы облысы — 2,4 млрд теңге
Шымкент қаласы — 2,3 млрд теңге
Маңғыстау облысы — 2,3 млрд теңге