Бүгін "Бәйтерек" шағын ауданында салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйде өрт шықты .

Оқиға орнына алғашқы болып келген өрт сөндіру бөлімшелері ғимараттың 2-қабатынан 9-қабатына дейінгі қасбеттік қаптаманың өртенуін тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында қызыл жалын лезде ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.