Айға кім бірнші барып қоныстанады? АҚШ пен Қытай арасында талас басталды. Миллиардер Илон Маск әлеуметтік желідегі ресми парақшасында бұл жарыста Бейжің жеңіске жете алмайды деп жазды.
Кәсіпкер Қытайдан бұрын Айға миссия аттандырмақ. Оның айтуына қарағанда, СпейсИкс компаниясы көз ілеспес жылдамдықпен дамып келеді. Ал Айға бірінші болып табан тірейтін ғарыш кемесі — Starship болады. Илон Маск бұл жоспарын 2027 жылы іске асырмақ. Ал Қытай Айға ғарыш кемесін 2030 жылы жібереміз деп отыр.