Елімізде Қазақстан есімді 28 азамат бар. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қай өңірлерде тұрады?
- Қарағанды облысында 7 адам;
- Ақмола облысында 6 адам;
- Қостанай облысы мен Астанада 3 азаматтан;
- Алматы мен Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында 2 адамнан;
- Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында бір-бір азаматтан тіркелген.
Біреуі ғана әйел
Мәліметке сүйенсек, 28 адамның ішінде тек бір әйелдің есімі — Қазақстан.
Жас ерекшеліктері бойынша
Жас ерекшеліктері бойынша ең қарт Қазақстан 92 жаста, ең жасы 25-те.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!