Мемлекет басшысы Халықаралық стандарттау ұйымының (ISO) Бас хатшысы Серхио Мухикамен кездесті.
Әңгімелесу барысында Президент ISO-ның жаһандық сауда мен инновацияны дамытудағы маңызды ролін атап өтіп, Қазақстанның бұл ұйыммен цифрлық трансформация және орнықты даму салаларында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екенін жеткізді. Өз кезегінде Серхио Мухика Қазақстанның ұлттық стандарттау және цифрландыру бағытындағы жетістіктерін жоғары бағалап, елдің халықаралық стандарттарды енгізу ісінде белсенді екеніне тоқталды. Тараптар ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және жаңа бағыттар бойынша жұмыс істеуге уағдаласты.