Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Швейцария – Қазақстан» парламенттік достық тобының мүшелерімен кездесті.
Президент Қазақстан уақыт тезінен өткен сенімді серіктеспен ұзақ жылдардан бері қалыптасқан қарым-қатынасқа ерекше мән беретінін атап өтті. Сондай-ақ депутаттар делегациясының елімізге келуі жан-жақты ықпалдастықты одан әрі дамытуға қос тараптың да ниетті екенін көрсететінін жеткізді. Бұл ретте өзара түсіністікті нығайтып, екіжақты ынтымақтастықты жандандыруда парламенттік дипломатияның маңызды рөл атқаратынына мән берілді.
Өз кезегінде парламенттік достық тобының үйлестірушісі Филиппо Ломбарди байланысты бекітуге және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін айтты. Кездесуде Астана мен Берн арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастық перспективасы талқыланды.