Мемлекеттік сатып алуда 29 миллиард теңгенің заң бұзушылықтары анықталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің мәліметінше, жыл басынан бері заңға қайшы 95 факт тіркелген. Негізсіз шығынның 6,4 миллиард теңгесі бюджетке қайтарылыпты. Ал қалған сома бойынша сатып алу шарттары қайта қаралуда. Биылдан бастап күшіне енген жаңа заң аясында қағаз түріндегі сатып алу алынып тасталып, жемқорлыққа қатысты сотталғандардың тендерге қайта қатысуына тыйым салынды. Жалпы Агенттіктің бастамасымен 2019-шы жылдан бері 224,7 миллиард теңге көлеміндегі бюджет қаражатының орынсыз жұмсалуына жол берілмеген.

Динара Жарқынбек