Ертең теннистен ұлттық құрама спортшылары командалық әлем чемпионатынның ширек финалында АҚШ қыздарымен кортқа шығады. Екі елдің құрамалары алғаш рет сынға түседі. Матч Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді. Әлем чемпионатында Қазақстан намысын Елена Рыбакина, Жібек Құламбаева , Зарина Дияс, Юлия Путинцева және Анна Данилина қорғайды.
Әлемдік додада 18 мәрте жеңімпаз атанған АҚШ құрамасы турнир тарихындағы ең табысты командалардың бірі. Қазақстан әйелдер командасы Билли Джин Кинг Кубогына 1995 жылдан бері қатысып келеді. Қазір теннистен ұлттық құрама әлемдік рейтингте 6-шы орында тұр. Ал Америкалықтар үшінші орында.
Елена Рыбакина, теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы:
- Дайындық жақсы өтіп жатыр. Қарсыластарымыз мықты. Бұған дейін де қиын матчтар болды. Жеңеміз деген үміттеміз.