Есірткі сатқаны үшін сотталған қазақстандық Ресейден экстрадицияланды, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.

Ол 2014 жылы адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы Павлодар қаласында аса ірі көлемде есірткі сатқан. 66 келі марихуана мен 8 келі гашишті одан әрі сату мақсатында тасымалдау барысында полиция қызметкерлері оны ұстаған.

Алайда 2015 жылы ол сот үкімімен ақталған. Кейін прокурордың наразылығы бойынша ақтау үкімінің күші жойылып, оған 10 жарым жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған.

"Сол уақыт ішінде ол соттан бой тасалаған, соған байланысты халықаралық іздеу жарияланып, 6 жылдан аса уақыт жасырынған. Былтыр желтоқсанда іздеудегі адам Мәскеу облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды", — деп жазылған хабарламада.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget