Атырауда балабақшада бес жасар қыз жарақат алған . Енді оның анасы мән-жайды анықтауды талап етіп отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

АқЖайық басылымының мәліметінше, 28 шілдеде әйел оған мұғалім қоңырау шалып, қызының баспалдақтан тайып құлап кеткенін айтқан.

“Олар баланың басы ауырғанын айтып, дәрігерге апаруды ұсынды. Күйеуім бірінші барды, мен сәл кейінірек келдім. Оқиға орнында шу болып кетті, бірақ қызметкерлер түсіндіріп, кешірім сұраудың орнына, сылтау айтып, ұрыса бастады”, – дейді ана.

Айтуынша, ата-ана бақылау камерасының жазбасын сұрағанда, камералар өшірілген, монитор жұмыс істемей тұрғанын айтқан. Ал кішкентай қыз өзін нашар сезінген, анасының алдында құсыпты. Ата-анасы жедел жәрдем шақырған.

Ауруханада бала рентген және компьютерлік томографияға түсті. Бас сүйегі бүлінбеген, бірақ дәрігерлер жабық бассүйек-ми жарақаты мен миы шайқалған деген диагноз қойды. Кейінірек екі қолының сынғанын анықтады.

“Мен ауруханада арыз жаздым. Біз камералардың неліктен істемей қалғанын, кім жауапқа тартылатынын анықтауын талап етеміз, – дейді ана.

Полицейлер аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабының 2-бөлігі "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.