Астана қаласындағы №3 түзету мекемесінен 7 адам босатылды.

Рақымшылыққа іліккендердің қатарында шетел азаматы да бар. Жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған азаматтарды босату биылғы амнистия туралы Жарлық аясында жүзеге асты. Бостандыққа шыққан азаматтарға қажетті құжаттар табысталып, әлеуметтік және құқықтық бейімделу бойынша кеңес берілді. Сонымен қатар қажет болған жағдайда медициналық және әлеуметтік қызметтерге жолдама ұсынылды. Енді Конституция күніне орай 15 мыңнан астам адамға рақымшылық жасалады.

Ақшолпан Асанова, "Еңбек мобильділігі орталығы" КММ халықтың әлеуметтік осал топтармен жұмыс бөлімінің маманы:

- Түзету мекемелерінен босап шыққан сотталғандарға Астана қаласының әкімдігінің мансап орталығы жұмысқа шақырады. Шыққан беттен бізге келіп, 15 АЕК жәрдемақы алуға болады. Сонымен қатар түзету мекемелерінде жұмыс істеген болса, 6 айға дейін пособие алуға болады. Және де біз мамандық бойынша жұмыстар ұсынамыз. Ресми түрде жұмысқа орналастырамыз және де мамандықтары жоқ болса, 4 айлық курстарға жолдаймыз.