Оқиға кеше кешкісін Қасқасу ауылынан 20 шақырым қашықтықта Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық паркі аумағында болды. 13 жастағы екі турист жолдан адасып, тік жартасқа шығып, өздігінен төмен түсе алмаған.

Құтқару жұмыстарына кинологтармен бірге Төтенше жағдайлар министрілігінің Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы жұмылдырылды. Құтқарушылар жасөспірімдермен байланыс орната алмағанымен геолокациясын анықтай алған.

Ақарыс Омар, ТЖ жою басқармасының инженері:

- Сағат 21:40 уақытында ұшқыссыз ұшу аппаратының көмегімен 255 метр биіктіктен табылып, төменге түсірілді. Медициналық көмек қажет етпей, ата-анасына табысталды.