2026 жылдан бастап АҚШ визасын алу қымбаттайды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
АҚШ билігі Visa Integrity Fee жаңа міндетті алымын енгізді. Бұл төлемнің мөлшері кемінде 250 доллар және енді АҚШ-тың барлық иммиграциялық емес визасына өтініш берушілер төлеуге тиіс.
Қазақстандықтар үшін бұл виза бағасының екі есеге жуық өсуі мүмкін. Себебі бұрынғы стандартты консулдық алымға енді осы қосымша төлем де қосылады.
Енді АҚШ визасы 435 доллар (шамамен 225 мың теңге — еск.) тұрады.
Бұл жаңа алым барлық иммиграциялық емес виза санаттарына міндетті болып есептеледі, соның ішінде:
- B-1/B-2 — іскерлік және туристік сапарлар;
- F және M — студенттер;
- H-1B және H-4 — мамандар және олардың отбасылары;
- J-1 және J-2 — алмасу бағдарламаларына қатысушылар;
- L, O, P, R — басқа да кәсіби бағыттар бойынша жұмыс істейтіндер.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!