Робот сот орындаушы қазақстандықтардың 1,2 млрд теңгесін үнемдеген. Көпшілігі жеке сот орындаушыларына жүгінбей, роботтың қызметін қолданған. Премьер-министр Президенттің тапсырмасын орындау аясында әділет органдарын цифрландыру мәселелері бойынша жиын өткізді. Онда құқықтық жүйенің негізгі бағыттарына цифрлық шешімдерді енгізуді тереңдету, атқарушылық іс жүргізудің ашықтығы мен тиімділігін арттыру, сот-сараптама қызметін жаңғырту және халықтың құқықтық көмекке қолжетімділігін кеңейту жөніндегі шаралар қаралды . Биыл сәуірде іске қосылған «E-нотариат» жүйесі де азаматтардың өмірін біршама жеңілдеткен. Жүйе арқылы сенімхаттар, некенің жоқтығы туралы және жұбайдың келісімі сияқты құжаттарды онлайн алуға болады. Процесс нотариус пен азаматтың видеоқоңырау арқылы сөйлесінің арқасында жүзеге асады. Бұл даулы жағдайлардың азаюына алып келген. Сондай-ақ аталған қызмет әсіресе шетелде жүргенде ыңғайлы. Бар жоғы екі-үш айда жүйеге 180 адам жүгінген. Ал, Премьер-министр цифрландыру мен жасанды интеллект элементтерін енгізу барлық саланың дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша елімізде суперкомпьютер пайда болды. Ол Орталық Азия өңіріндегі ең қуатты құрал қолымызда бар енді. Суперкомпьютер бізге бәрімізге, бизнеске, мемлекеттік органдарға үлкен мүмкіндіктер береді. Сондықтан осы суперкомпьютерді дұрыс пайдалана білу керек. Экономиканың, мемлекеттік басқарудың барлық салаларында.

Жиында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, халыққа құқықтық көмек көрсету шеңберінде осы жылдың мамыр айынан бастап «Әділет» және «Е-Заң көмегі» жүйелерінде жасанды интеллект базасында «Цифрлық консультант» іске қосылғанын атап өтті. Сондай-ақ зияткерлік меншік құқығын қорғайтын цифрлық платформасы іске қосылғалы жатқаны туралы айтылды.

Сәбит Ахметов, «Qazpatеnt» ұлттық зияткерлік меншік институтының директоры:

Осы палтформаның ерекшелігі бұл жерде барлық авторлар телефон арқылы үйде отырып, бәрін қадағалап отырады. Қанша әні қай жерде, қай мекемеде айтылғанын телевизия, дәмхана, сауда ортылығы, радио барлығын қарап отырады. Сол бойынша қанша ақша жиналғанын және оған қанша ақша тиесілі екенін қарап отыра алады.

Нұрсұлтан Тілектес