Иран билігі америкалық SpaceX компаниясының Starlink жерсеріктік интернетіне тыйым салды. Жаңа заң бойынша аталған желіні пайдалану мемлекеттік сатқындыққа теңестірілген.
Тыйымнан аттап өткендерге дүре соғылып, 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, қомақты айыппұл салынады. Starlink үкімет шектеулерін, сайттарды бұғаттау мен цензураны айналып өтуге мүмкүндік береді. Десе де тыйымның енгізілгеніне қарамастан парсы елінде Starlink-тің 40 мың құрылғысы әлі жұмыс істеп тұр екен. Олардың көбі «қара нарық» арқылы әкелінген. Бұған дейін Иран билігі VPN-сервистер, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерді бұғаттаған болатын.