2024 жылы мемлекеттік органдардың даму жоспарларында 173 нысаналы индикаторға қол жеткізу көзделді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді, деп хабарлайды деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, бұл көрсеткіштер комитеттер мен жұмыс топтарының отырыстарында толық пысықталған.

Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану көлемі 2024 жылы 24 пайызға төмендеп, 372 млрд теңгеге жетті. Бюджетті игермегені және жоспарланған нәтижелерге қол жеткізбегені үшін 73 лауазымды тұлға, оның ішінде 67 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – деді Мәди Тәкиев.