Журналистер қауымының кәсіби шеберлігін бағалайтын бұл марапат биыл тоғызыншы рет табысталып отыр.
Биылғы "Парламент сөзі" байқауының жеңімпаздары белгілі болды. Осы уақыт ішінде 140-қа жуық қаламгер мен медиа саласының өкілдері марапатталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Салтанатты шараны ашқан Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов заң шығару процесіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды рөлін атап өтті.
– Қоғамды журналиссіз елестету мүмкін емес. Халық елдегі және әлемдегі жаңалықтарды сіздердің мақалаларыңыз бен сюжеттеріңіз арқылы біледі. Әсіресе, Президент бастамаларын, Парламент қабылдаған заңдарды халыққа түсіндіруде журналистердің еңбегі ерекше. Заңды қабылдау бір бөлек, оны жұртқа дұрыс жеткізу – маңызды миссия, – деді Мәжіліс спикері.
Ерлан Қошановтың айтуынша, бүгінде Мәжілісте 700-ден астам журналист аккредиттелген. Бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Ол сонымен қатар БАҚ саласын дамыту үшін мемлекет барлық жағдайды жасап жатқанын атап өтті.
– Жақында қабылданған жаңа салалық заң журналистердің құқықтарын қорғауға бағытталған. Бүгінде блогерлер мен өзге де ақпарат құралдары кәсіби БАҚ-пен бәсекеге түсе бастады. Бірақ мемлекет байыпты, сапалы журналистикаға сұранысты жүйелі түрде қалыптастырып келеді, – деді ол.
Биыл байқауға 100-ден астам өтінім түскен. Жеңімпаздар төмендегідей аталымдар бойынша марапатталды:
"Үздік баспа жарияланымы"
– Зейін Ерғалиева ("Егемен Қазақстан")
– Владислав Шпаков ("Время")
"Үздік телевизиялық сюжет"
- Мейрамгүл Мәдәлі ("Atameken Business" арнасы)
- Асылбек Тойбеков ("Жібек жолы" арнасы)
- Әлібек Рзабаев (Еуразия бірінші арнасы, "Парламент Online")
"Үздік бейнесурет материалы"
- Алмас Жулубаев ("Астана" телеарнасы)
"Үздік интернет және радио материалы"
- – Әйгерім Бақпаева ("Baigenews.kz")
- – Азамат Тлепов (Қазақ радиосы)
- – Әйгерім Тукушева ("Kursiv.kz")
- – Тамара Вааль ("Vlast.kz")
"Арнайы репортаж"
– Ирина Әлімжанова (Qazaqstan ұлттық арнасы, "Қос палата")
– Алина Шашкина ("Tengrinews.kz")
– Дәурен Омаров ("Адал адам" YouTube арнасы)
"Парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін"
– Еркін Жұматаев ("Хабар" агенттігі)
– Александр Трухачев ("КТК" телеарнасы)
"Парламент сөзі" арнайы номинациясы
– "Азаттық рухы" сайты
– "24KZ" телеарнасы