Таяуда « Ақтөбе – Ұлғайсын» автокөлік жолының 136 шақырымдық учаскесі қайта жаңғыртылады.

Жалпы ұзындығы 234 шақырымға тең жол 4 жолақты қозғалысы бар 1-ші техникалық санатта болады. Жоба көлік байланысын дамытумен қатар ел аумағы арқылы транзиттік әлеуетті ұлғайтуға сеп. Бұл туралы келісімге Премьер-министр Олжас Бектеновтың Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы Одиль Рено-Бассомен кездесу кезінде қол қойылды. Жиында көлік инфрақұрылымы, «жасыл» энергетика, шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологияларды және басқа да салаларды дамыту жөніндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Елорданың электр энергиясына деген сұранысты қамтамасыз ету үшін Астана қаласында қосалқы станса салу жобасы да қаралды.