Болгариялық компания Шымкент қаласында ет өңдейтін кəсіпорын салуға ниетті.
Ол үшін 20 млн еуро көлемінде инвестиция құюға да дайын. Бұл жайында бүгін Қазақстан мен Болгария бизнес форумы барысында белгілі болды. Қос мемлекет арасындағы іскерлік байланысты нығайтуға бағытталған ауқымды шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге ресми сапармен келген Болгария басшысы Румен Радев те қатысты. Жиын барысында Мемлекет басшысы болгар тарапына елімізде инвестиция құюға тартымды деген бағыттарды атап, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды. Президенттің сөзінше, айти, ауыл шаруашылығы, көлік, туризм сынды салалардың әлеуеті зор. Қазақстан — Болгария бизнес форумы жайлы толығырақ алдағы жаңалықтар шығарылымында айтатын боламыз.