Шымкент тұрғыны такси қызметіне көңілі толмай, көліктің терезелерін таспен сындырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға 3 маусым күні болған. Әлеуметтік желілерде тараған видеода әйел адамның такси жүргізушісімен жанжалдасып, көліктің артқы және жанындағы терезелерін таспен ұрғаны көрінеді.

Полиция бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 202-бабы (бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру) бойынша іс қозғады.

“Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Нәтижесіне қарай процессуалдық шешім қабылданады” – деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.