Кеше түнде Алматыдағы Шығыс айналма жолында жол апаты болып, салдарынан көлік жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды қалалық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 5 мамырда сағат 22:35-те Алматының Медеу ауданында болған.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, Шығыс айналма жолымен солтүстік бағытта келе жатқан Subaru көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, жол жиегіне шығып кетіп, кедергілерге – жарнама тақтасына және ағашқа соқтығысқан. Содан кейін көлік аударылған.

Жол апаты. Фото: Zakon.kz

Жол апаты салдарынан жүргізуші оқиға орнында қаза тапқан.

"Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу бөлімі адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады", — деп мәлімдеді ПД-ның баспасөз қызметі.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз