Түркияда күн райының нашарлауына байланысты Turkish Airlines әуе компаниясы бүгінге жоспарланған 61 ішкі рейсті тоқтатады. Бұл туралы компанияның ресми өкілі Яхъя Устюн мәлімдеді.
Елдің шығысы мен орталығындағы бірнеше қала қалың қар құрсауында қалды. Түркияның басым бөлігінде өткен аптадан бері Ресей мен Исландиядан соққан суық желдің ықпалынан аяз да күшейген. Метеорология бас басқармасы сәрсенбі күніне қауіптің сары деңгейі бойынша ескерту жариялады.