Ертең «Хабар» арнасындағы мегажоба The Voiсe Қазақстанның финалы өтеді. Ақтық сында өнер көрсететін әншілер, қызу дайындық үстінде.
«Соңғы түйенің жүгі ауыр». The Voiсe Қазақстанның финалына шыққандар шешуші кезеңге барын салып дайындалуда. Себебі, жобада тек үздіктер қалды. Талантымен қоса, тәлімгердің тыңғылықты дайындығынан өткен қатысушылар көрерменнің көңілінен шығып, қолдауына ие болу үшін жоғары деңгейде өнер көрсетуге дайын.
Диас Жорабек, The Voice Қазақстан қатысушысы:
- Шыны керек ширек финалдан бастап айтатын болсақ, маған дауыс берген кезде қатты қуандым. Жалпы бұл жобаға келген кезде финалға дейін баратынымды білген де жоқпын. Үшеуі де үш жақтан мықты. Үшеуі де мықты қарсылас мен үшін. Алайда енді көреміз, бұйырғаны болады. Барымызды саламыз. Бар өнерімді көрсетуге тырысатын боламын.
The Voice Қазақстан жобасының финалында Диастан өзге Дана Максимова, Бексұлтан Кенішқалиев және Нұрай Мықты ән шырқайды. Қатысушылар сахнада жанды дауыста бір емес үш ән орындайды. Оның екеуі дуэт. Тәлімгермен және танымал жұлдызбен бірге сахна көрігін қыздырмақшы.
Мейрамбек Бесбаев, The Voice Қазақстан жобасының тәлімгері:
- Аққу Байжігіт деген ғажап композитор бауырымыз бар. Соның әнін алдық. Бұл ұлы Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған ән. Біздің орындауымызда ерекше шығады деген ойламын. Өйткені көбінесе акцентті мен Бексұлтанның шыққанын қаладым. Бексұлтанның көрінгенін қаладым. Сондықтан көріп бағасын бересіздер деп ойлаймын.
The Voice Қазақстанның финалы сенбінің кешінде, 27 желтоқсанда «Хабар» арнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Жеңімпаз көрерменнің дауыс беруі арқылы анықталады. Тelegram арнасы арқылы қолдау көрсете аласыз.
Гүлжан Көленқызы, Айбек Ақшолақов, Хабар, 24 кз Алматы