Жаңа жылға санаулы күндер қалды.
Елордада мерекелік көңіл-күй күн өткен сайын айқын сезіле түсуде. Өйткені сауда ойын-сауық орталықтары мерекелік атмосфера сыйлауға белсенді түрде атсалысып жатыр.
Ғимараттардың сыртқы беті жарық шамдармен безендірілсе, ішкі жағы декоративті элементтер мен инсталляцияларға толды.
Бұны қала тұрғындары мен қала қонақтары қалай бағалады?