Алматыда Белович ісіне байланысты Татьяна Белованың қамауда қалуы жөніндегі сот қайта жалғасты


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Базис-А» құрылыс холдингі негізін қалаушы Александр Белович пен оның бұрынғы әйелі Лилия Аношина арасындағы қылмыстық іске тартылған тараптардың бірі — Татьяна Белованың қамау мерзімін ұзартты. Осылайша, ол процесс соңына дейін қамауда отыратын болды.

«Alfa Stom» стоматологиялық клиникасының басшысы Татьяна Белова өз қызметінің құрбанына айналды. Ол А. Белович пен Л. Аношинаға ешқандай туыстық қатысы жоқ адам, тек жалдамалы қызметкер. Алайда, ол бай отбасының ішкі тартысына еріксіз тап болған.

Бір жыл бұрын өткен сот оны алаяқтық жасады деп кінәлі деп те, кінәсіз деп те тани алмаған еді. Прокуратура айыптау қорытындысын қайта қарау үшін өзі кері қайтарып алған. Соның салдарынан Татьяна Белова Алматы тергеу изоляторында 17 айдан бері қамауда отыр, әрі оның тағы қанша уақыт отыратыны белгісіз.

Сот отырысына өз есімін Владислав Лихачев деп таныстырған азамат қатысты. Ол — Л. Аношинаның қызының бұрынғы күйеуі, яғни А. Беловичтің бұрынғы күйеу баласы.

Т. Беловaның адвокаттары сотта А. Беловичтің де болуын талап еткен. Алайда Белович те, оның адвокаты Алексей Чапурин де сотқа келмеді.

Отырыс басталар алдында судья Бахыт Нұрланов журналистердің қатысуына тараптардың қарсылығы бар-жоғын сұрап анықтады. Татьяна Белова қарсы болмады. Ал Владислав Лихачев өз бейнесінің түсірілмеуін өтінді.

Мемлекеттік айыптау ұстанымы

Соттың екінші кезеңі бірден тараптардың сөз сөйлеуінен басталды. Таңқаларлығы, мемлекеттік айыптаудың ұстанымы өзгеріссіз қалған. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Бақыт Нұрланов та, Татьяна Беловaның адвокаттары да жаңа құжаттан ешқандай елеулі өзгеріс таппағандарын айтты. Бұл туралы олар кейін прокурорға да жеткізді.

Татьяна Беловаға бірден үш қылмыс бойынша айып тағылған.

Біріншісі – алдын ала сөз байласу арқылы жасалған алаяқтық. Тергеу нұсқасы бойынша, Т. Белова “Alfa Stom” клиника иесі Лилия Аношинамен бірге оның күйеу баласын «алдауды» көздеген. Аношинаның күйеу баласы Владислав Лихачев серіктесі Матвей Носовпен (екеуі де Ресей азаматтары) бірге АҚШ-тан қайта сатуға бес автокөлік сатып алмақ болған. Алайда Ресейге салынған санкциялар салдарынан олар ол көліктер үшін өз шоттары арқылы ақы төлей алмаған.

Прокурордың айтуынша, осы кезде Татьяна Белова Америкаға 230 мың доллар жіберуге көмектескен. Көліктер сатып алынып, Беларуське жеткізілген. Онда оларды ресми иесі Носов алған. Бірақ белгілі бір айла-шарғыдан кейін Аношина мен Белова жалған құжаттар пайдаланып, көліктерді өз атына аударып, кейін Ресейде сатып жіберген делінеді.

Екінші эпизод – Владислав Лихачевті алаяқтық жасады деп жалған айыптауға оқталу.

Айыптау нұсқасында Белова көліктердің жоға­луына Лихачевті кінәлі етіп көрсету үшін полицияға әдейі жалған арыз жазғаны айтылған.

Бұл бөлімді оқыған кезде прокурор жиі шатасып, түсініксіз атауларға тоқтап қиналды. Сөйлеген сайын жылдамдап, сөзінің анық әрі сенімді шығуы төмендей түсті.

Үшінші эпизод – ең ауыр айып та осы шығар.

Прокуратураның пікірінше, Т. Белова мен Л. Аношина, бұған дейін А. Беловичпен жақын қарым-қатынаста болған. Прокурор Беловичтің барлық атақ дәрежесін атап өту маңызды деп санаған: Алдын ала сөз байласу арқылы “Қазақстан Республикасындағы ең ірі кәсіпкерлердің бірі, халықаралық құрылыс компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстанның құрылыс саласы қауымдастығының директорлар кеңесінің төрағасы, мемлекеттік марапаттардың лауреаты Александр Беловичтен” ол туралы абыройын түсіретін ақпаратты БАҚ-та жариялаймыз деген қауіппен екі миллион доллар бопсалаған.

Прокурордың айтуынша, бұл мақсатта Proton атты танымал пошталық сервисті пайдаланған. Онда айыптау тарап көрсеткендей, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. деген ерекше мазмұнды мекенжай болған.

Қорғаныс тараптың ұстанымы

Прокурор орнынан сөйлесе, ал Татьяна Беловaның адвокаттары өз клиентін қорғау үшін сот трибунасынан сөйледі. Осы сәтте олардың Владислав Лихачевті сотқа шақыру себебі түсінікті болды.

Осы уақыт ішінде Лихачев орындықта қобалжыған күйде отырып, сол жағына қарамауға барынша тырысып бақты. Сол жақта адвокаттар отырды. Ал ары қарай әйнектің артында Белованың өзі. Бұл таңқаларлық жәйт болды. Өйткені, олар некеде болмаған, ал Татьяна Белова – тек оның бұрынғы әйелінің жалдамалы қызметкері ғана.

Сот трибунасында адвокат Сауле Кобжанова сөз сөйлегенде, Лихачевтің басы судьяға қараған күйде қалды да, еш қозғала қойған жоқ. Кейін оның қайда қарап отырғаны белгілі болды: судья креслосының үстінде тек бір ғана жарық нүкте – Қазақстанның елтаңбасы болған.

Лихачев адвокаты Александр Борисенковтің жанында отырды. Қасына ешкім отырмауы үшін ол өзінің сырт киімі мен бас киімін де орындыққа қойған секілді.

Қорғаушылар ұзақ сөйлеп кеткен кезде Лихачев те сөйлегісі келіп, тұруға әрекет жасады. Жанында отырған адвокат оның қолын ұстап үлгерді. Содан кейін ол Лихачевтің басын өзіне қарай бұрып, бірдеңе сыбырлап айтып, екінші қолымен жазбаларын дәптерге түсіріп отырды.

Процесс барысында Лихачев жиі орындықта қозғалып, камераларға өз бетін көрсетіп отырды. Ол түрінің жасырын қалуын қалайтынын ұмытып кеткен секілді немесе осы әрекеті арқылы видеоны бұзғысы келген шығар. Себебі судья журналистерден репортаждарда Ресей азаматының бетін бұлыңғыр етуді өтінген еді.

Татьяна Беловaның адвокаттары басқа жолды таңдады. Олар клиентіне қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш берді. Өйткені оның әрекеттерінде қылмыс құрамы жоқ. Қорғаушылардың пікірінше, Татьяна Беловaға қарсы қылмыстық қудалау заңсыз, негізсіз және қылмыстық-процессуалдық кодекс талаптарына қайшы басталған.

Істің материалдары бойынша АҚШ-қа ақша жеткені анық. Сатушы оны алған. Орнына бес автокөлік берген. Көліктер Беларуське жеткізіліп, оларды ресми түрде Ресей азаматы Матвей Носов қабылдаған. Ол көліктерді Арменияда басқа Ресей азаматы Анатолий Чистовтан берілген сенімхат арқылы алған.

Яғни, барлық мәмілелер Қазақстан шегінен тыс, Ресей азаматтары арасында болған және Армениядан бір құжат пайдаланылған. Сонда Қазақстанның юрисдикциясы мұнда қайдан шығады?

Тергеуші судья көліктерді алған М. Носовты тергеуді тапсырған. Алайда тергеу бұл міндетті орындамаған. Бұл істің басты куәгері сол адам болса да, оны тергемеген.

Ба-бам! – терезедегі ауыр жалюзилер жылу батареясына соғылды. Бұл орындық пен арқалық арасынан сырғып түсіп, жалюзиге соғылған Лихачевтің бас киімі. Бұрынғы күйеу баласы орындықта ыңғайсыз отырып, бас киімін алуға тырысты.

Сот залындағы орындық Лихачевке шын мәнінде ыңғайсыз болды: тар және арқалығы қолайсыз, ол үнемі күйін өзгертіп отырды.

Адвокат былай дейді: «Лихачевтен мүлікті ақысыз алу бойынша алаяқтықтың басты белгісі жоқ. Барлық қарама-қайшылықтар тек азаматтық-құқықтық сипатта және қылмыстық құқық бұзушылық құрамын жасамайды. Сонымен қатар, Лихачев Носовтан 20 млн рубль несие алған, оның бір бөлігін автокөліктер арқылы қайтарған. Бұрын да Лихачев осыған ұқсас өтініштермен Беларусь пен Ресейдің құзырлы органдарына жүгінген, және екі жағдайда да қылмыстық іс қозғау заңсыз деп, өтініші қабылданбаған».

Ба-бам! – бас киім қайтадан еденге түсті. Оның иесі тағы да орындықтың артынан оны алуға тырысты.

Судья үстелдің шетіне қол созып, қылмыстық-процессуалдық кодекске ұқсас кітапты алды. Оны ашып, беттерін парақтап, бірдеңе оқып, қайтадан қоя салды.

«Л. Аношина ешқашан Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық мекенжайын пайдаланбаған. Оның нақты адресі — Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.. Хаттарда Аношина туралы толық жеке деректердің болуы олардың жалған екенін көрсетеді. Бұл анонимді бопсалауға қайшы. Сондай-ақ, сол кезде бұғатталған банк шотына да сілтеме бар, бұл істің материалдарымен расталған», — деді адвокат.

Ба-бам! – бас киім қайтадан сырғып, сырт киімді де қозғалтты. Лихачев сырт киімін орнына тастады.

«Сотқа дейінгі тергеу органы міндетті тергеу әрекетін орындамады. ProtonMail қызмет провайдеріне сұрау жолдап, Беловичті бопсалайтын хаттар жолдаған электрондық мекенжай Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. тіркелгенін анықтаған жоқ», — деді адвокат ,Кобжанова.

Қорғаушылардың пайымдауынша, Беловичтің отбасылық дауының түпкі себебі – Франциядағы жылжымайтын мүлік және Л. Аношинаның бұрынғы күйеу баласы В. Лихачевке берген қарызын қайтаруға тырысқан әрекеттері. Бірақ бұл іске Т.Белованың не қатысы барын түсінбейді.

Сот шешімі

Соңында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Б. Нұрланов Т. Белованы қамауда қалдыру туралы шешім қабылдады. Негізгі сот процесі 11 желтоқсанға тағайындалды.