Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді. Әлеуметтік желіде оқиға кезіндегі сурет-видеолар пайда болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін Астана уақытымен 12:44-те ҚР ТЖМ сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.

"Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай, 277 шақырым қашықта, Қытай аумағында орналасқан. MPV — 6.7, тереңдігі — 5 шақырым. Алматыда дүмпу MSK-64 шкаласы бойынша 3 балл болып сезілді", — деп жазылған хабарламада.

Жұрт далаға шыққан.

ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісі былай сезілген:

  • Алматы қ. — 3 б.
  • Алматы обл. Кеген ауд. — 3 б.
  • Алматы обл. Райымбек ауд. — 3 б.
  • Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Есік қ. — 3 б.
  • Алматы обл. Талғар ауд. Талғар қ. — 3 б.
  • Алматы обл. Ұйғыр ауд. — 3 б.
  • Алматы обл. Қарасай ауд. — 3 б.
  • Алматы обл. Іле ауд. — 2 б.
  • Алматы обл. Жамбыл ауд. — 2 б.
  • Алматы обл. Алатау (Жетіген) қ. — 2 б.
  • Алматы обл. Қонаев қ. — 2 б.
  • Алматы обл. Балқаш ауд. — 2 б.
  • Жетісу обл. Талдықорған қ. 2 б.
  • Жетісу обл. Кербұлақ ауд. — 2 б.
  • Жетісу обл. Панфилов ауд. — 2 б.
  • Жамбыл обл. Қордай ауд. — 2 б.
  • Жетісу обл. Текелі қ. — 2 б.
  • Жетісу обл. Көксу ауд. — 2 б.
  • Жетісу обл. Ескелді ауд. — 2 б.
  • Жетісу обл. Қаратал ауд. — 2 б.
  • Жетісу обл. Ақсу ауд. Жансүгіров ауылы — 2 б.
  • Жетісу обл. Сарқанд ауд. Сарқанд қ. — 2 б.
  • Жамбыл обл. Шу қ. — 2 б.
  • Жамбыл обл. Меркен ауд. — 2 б.
  • Жамбыл обл. Т. Рысқұлов атындағы ауд. — 2 б.

Алматыда тіркелген жер сілкінісіне байланысты халыққа жедел психологиялық көмек көрсету мақсатында сенім телефоны ашылды. Байланыс нөмірлері:

  • 8 (727) 278 20 83
  • 8 (727) 278 20 84

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget