Танымал әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас жақында ғана сүйіктісімен ақ некесін қиған еді. Бүгін ол құда түсіп, үйленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жамбыл облысына қарасты Бауыржан Момышұлы ауданымен құда болды. Алдымен жөн-жоралғысымен құда түсіп, сырға салынып, артынша ұзату тойға ұласқан. Өнер иесінің келінінің есімі-Айнұр.
"Құдалық мың жылдық болсын. Бурныйдағы құдалықтан естелік болсын", — деп жазды ол.
Желі қолданушылары да таңданыстарын жасырмай, екі жасқа бақыт тіледі.
"Керемет, текті жермен құда болыпсыз", "Жастар бақытты болсын", "Келін енесінің топырағынан болып тұр ғой", "Келін енесінен аумайды екен",- деп жазды.