Елімізге жеткізілген биологиялық белсенді қоспалардың 20 пайызы зерттеуден өтпей қалды.
Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін биологиялық заттарды арнайы тексеруден өткізді. Зерттеуге ұзын-ырғасы 201 сынама алынды. Нәтижесінде оның 40 шақтысы, яғни 20 пайызы талапқа сай емес болып шықты. Бұл белсенді қоспа деп әкелген тауардың 80 пайызы таңбаланбаған. Құрамы күмән тудыратын заттарды санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті сатудан алып тастады. Мамандар Қазақстанға әкелінген биологиялық белсенді қоспаларда мемлекеттік тіркеу туралы куәлік болуы қажеттігін айтады. Бұл қауіпсіздіктің басты дәлелі болмақ. Жыл басынан бері санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті үш жарым мың жарнама таратушыға мониторинг жүргізген. Нәтижесінде заңды белшесінен басқан 400-ден астам парақша анықталды. Олардың 19-ы дереу бұғатталған. Себебі жарнамасы жер жарғанымен олар мемлекеттік тіркеу куәлігі жоқ қоспаларды ұсынған.
Биологиялық белсенді қоспалар
2025 жыл
201 сынама
оның 40-ы (20%) талапқа сәйкес келмейді
таңбалау бойынша — 80%
микробиологиялық көрсеткіштер бойынша — 20%