29 мамырда Сиань қаласынан «Сиань – Алматы» бағытындағы алғашқы туристік пойыз жолға шығады .

Бұл бастама «Орталық Азия – Қытай» II саммиті аясында ұйымдастырылып отыр. Пойыз Алматыға 31 мамырда жетеді деп жоспарланған. Қонақтар еліміздің оңтүстік астанасында 5 күн болады.

Делегация құрамында 250-ден астам адам бар: мемлекеттік органдардың, бизнес, ғылым, мәдениет, медицина және спорт саласының өкілдері мен туристер. Делегацияны Сиань қаласы әкімінің орынбасары Сяо Ци бастап келеді.

Қонақтар үшін арнайы мәдени және іскерлік бағдарлама дайындалған:

– ресми қарсы алу рәсімі;

– «Шэньси – Алматы» апталығының ашылуы;

– жәрмеңкелер, симпозиумдар мен іскерлік кездесулер;

– Алматының көрікті жерлеріне экскурсиялар.