Ресейде коронавирустың жаңа түрі тіркелді. «Бұл осыған дейін 22 елде тараған NB.1.8.1 деп аталатын штамның мутацияға ұшыраған түрі», — дейді мамандар. Өзгелерге қарағанда жаңа індеттің жұқтыру көрсеткіші жоғары, алайда ол «Омикрон» штамынан жеңіл. Вирус төрт адамнан анықталған, қазір науқастар дәрігерлердің бақылауында. Соңғы жылдарда Ресейде коронавирустың жаңа штамдарына қарсы 10-нан астам вакцина қолданысқа енгізілген. Дәрігерлердің мәліметінше, егер індет өрши түссе, жарты жылдың ішінде жаңа екпе шығаруға мүмкіндік бар. Себебі жаз айларында инфекция саны артуы ықтимал.
Индира Бегайдар