АҚШ Канадамен жүргізіп жатқан барлық сауда келіссөзін тоқтатты.

Бұл туралы ел президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде хабарлады. Мәлімдемеге Канаданың бір провинциясы дайындаған жарнамалық бейнеролик себеп болған. Онда экс-президент Рональд Рейганның тарифтер туралы сөздері бұрмаланып көрсетілген. Дональд Трамп мұны ақпараттық манипуляция деп атап, тарифтер ұлттық қауіпсіздік пен өнеркәсіпті қорғаудың негізгі құралы екенін айтты. Биыл көктемде АҚШ Канададан әкелінетін болат, алюминий және ағаш өнімдеріне 25 пайыздық тариф енгізген еді. Ал жазда бұл көрсеткіш 35 пайызға дейін артты.