Өскеменде тұрғын үй құрылысы қарқын алды.

Соңғы жылдары бірнеше шағын аудан бой көтерді. Биыл облыс бойынша 380 мың шаршы метр баспана салу жоспарланса, оның басым бөлігі ел игілігіне тапсырылды. Облыс тұрғындарының әлеуметтік ахуалын жақсарту мақсатындағы жобалар келесі жылы да жалғасады. Өңір халқы елдің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін дәріптейтін ұлық мерекені кең көлемде атап өтуге дайындалып жатыр. Аудандар мен ауылдарда танымдық шаралар ұйымдастырылады.

- 25-қазан – бұл күн ынтымақ пен бірлік күні, Тәуелсіздігімізді паш ететін үлкен мерекеміздің бірі. Қ. Тоқаевтың идеясымен бұл күн Ұлттық мереке боп енгізілді.

- Қазақ еліміздің декларациясы қабылданған күнен басталған мереке. Бұл декларация қазақ елінің жеке өмірінің, мемлекет ретіндегі өмірінің бастауы деп есептеймін.